Шымкентте 23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтілді

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өттi. Жиынға Түркiстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкiмi Ғ.Әбдiрахымов, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мәслихат депутаттары және 900-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.

 Салтанатты жиында Жансейiт Қансейiтұлы, Ғабидолла Рахметоллаұлы барша мемлекеттiк қызметкерлердi мерекемен құттықтап, қазiргi сәтте мемлекетке қызмет ету жауапты мiндет екенiн атап өттi.

- Елбасының Жарлығымен Түркiстан облысы құрылып, Шымкент қаласы мегаполис атанғанын бiлесiздер. Ендiгi ретте мемлекеттiк қызметкерлерге зор мүмкiндiк туып отыр. Түркiстан қаласы облыс орталығы болғандықтан, ендi халықаралық ынтымақтастық, ic-шаралар, конференциялар көбейедi. Сiздер өздерiңiздiң бiлiм-бiлiктерiңiздi көрсетiңiздер. Бiзге көптеген мемлекеттiк қызметкерлер керек. Түркiстанды бiрге түлетейiк, - дедi облыс әкiмi.

 Құттықтау сөзiнен кейiн Жансейiт Қансейiтұлы бiрқатар мемлекеттiк қызметкерлердi облыс әкiмiнiң грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, "Үздiк мемлекеттiк қызметшi" төсбелгiсiн тапсырды.Жиында Шымкенттің əкімі мемлекеттік қызметкерлерді бір отбасыдай жұмыс істеуге шақырды.

- Жаңа статус - бұл жаңа мүмкіндіктер ғана емес, қала тұрғындарына жүктелетін зор жауапкершілік. Бірге жұмыс істесек қана Шымкентті жаңа белеске шығарамыз. Біздің мақсатымыз - Шымкентті Астана мен Алматы қалаларының деңгейіне жеткізу. Егер біз бір отбасының мүшесіндей жұмылсақ, бұл мақсатқа жететінімізге сенемін, - деді Ғабидолла Əбдірахымов.

 Қала əкімі бұған қоса жаңа статусқа байланысты мегаполис əкімдігі қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты. Басқармалар құрылған соң конкурс жарияланып, жұмысқа үздік қызметкерлер қабылданатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев та бiрқатар мемлекеттiк қызметкерге департаменттiң грамотасын табыс еттi.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

 

Осы RSS каналға жазылу